Келіншек көпірден секіріп, өлмек болған (видео)

Келіншек көпірден секіріп, өлмек болған (видео)

Алматыда Ташкенттен  көшесінен төмен Сүйінбай даңғылында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен бір әйел суицид жасамақ болған.

Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат 5-те болған. Көлік жүргізушілері жаяу жүргіншілер көпірінің қоршауына шығып кеткен әйелді байқап қалған. Бұл туралы хабарлама Instagram-да пайда болды. [embed]https://youtu.be/i9v0z2jt4Bk[/embed]

«Көлікті дереу тоқтатып, олар оған жүгіріп барып, полиция шақырды. Бізді көріп қап, секіріп кетеді деп қоырқтық. Бірақ оны ұстап үлгердік. Қуанышымызға қарай, қайғылы жағдай болған жоқ. Полиция 2-3 минутта келді. Әйел полиция бөліміне жеткізілді. Полиция келгенге дейін біз онымен сөйлесіп, оны жұбатып, басына түскен жағдайды білгеннен кейін оған жанымыз ашып кетті », - делінген хабарламада.

Пост авторының айтуынша, әйел көпір бағанынан қатты ұстап алған. Соның кесірінен қозғалыста бөгеліп қалды. Сол кезде ер-азаматтар оның секіріп кетпеуін қадағалап тұрды. Артынан ақырын сөйлесе келе әйел шешімін өзгертіп, көпірдің жақтауынан түсті.