Бұл оқиға Мәскеуде болған. Аяғы ауыр келіншек құрбысының емізулі баласын терезеден лақтырып жіберген.
Сәби 13-қабаттан құлаған. Оқиға кезінде баланың анасы да пәтерде болған. Тергеушілер Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (кәмелетке толмаған адамды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады.Бұл әрекеттің себептерін жедел қызметкерлер тергеп жатыр. Ал әйел екі айға қамауға алынды.Күдіктінің өзі жүктіліктің жетінші айында. Ол құрбысына аяғы ауыр келіншектерге арналған таңғышты алуға келген.