4 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

4 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның 4 облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 10 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетау қаласында тұман түседі, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жел қарқыны - 15-20 м/с. Маңғыстау облысының солтүстігінде 21°С дейін қатты аяз сақталады.