Оралда автокөлік қағып кеткен 10 жасар бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«24 жастағы жүргізуші Volkswagen Vento автокөлігімен келе жатып, жаяу жүргінші жолағында 10 жастағы баланы қағып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп жазылған ақпаратта.Бала миы шайқалды деген күдікпен облыстық балалар ауруханасында жатыр.