Әр қазақтың жүрегіне ұя салған

Әр қазақтың жүрегіне ұя салған

Атырауда мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазу­шысы, Мемлекеттік сыйлық­тың иегері, Еңбек Ері Әбіш Кекіл­­баев­­тың 80 жылдығына ар­нал­ған әдеби-танымдық шаралар өтті.

Әркез «Көз алдымда қос жа­на­рым­дай Маңғыстауым мен Аты­ра­уым тұрады есте» деген сөзін ау­­зы­­нан тастамайтын ұлттың ұлы тұл­­ға­сына арналған іс шаралар Х.Дос­мұ­ха­медов атындағы Атырау мем­ле­кеттік университетінде өтті.

Жазушылар одағы басқарма тө­рағасының орынбасары, жазушы Ме­реке Құлкенов жүргізген «Әбіш Ке­кілбаев – замана заңғары, сөз зер­­гері» республикалық ғылыми-прак­­тикалық конференцияда баян­дама жасаған ғалымдар кемең­гер Ә.Кекілбаевтың шығарма­ла­рын­дағы ерекшеліктерге тоқталып, жазушының мұраларын толық зер­делеуді келешектің еншісіне қал­дырмай зерттеп, ұлтқа паш ету қа­жетін айтты. Замана тұлғасы ту­ралы баяндама жасаған ғалым­дар­дың еңбегі жинақ болып шығып, студент жастардың жазушыны тану­ға деген ізденістеріне бағыт бе­­ретін болады.

Ақындар кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбаевқа жырларымен ес­керт­кіш қойды. Сонымен бірге «Алаш­тың айбоз Әбіші» атты рес­пуб­ликалық жыр мүшәйрасы өз мәре­сіне жетті.

Жыр бәйгесіне 162 ақын қаты­сып, 370 өлең ұсынылған екен. Свет­қали Нұржан, Серік Ақсұңқар, Гүл­нар Салықбай бастаған танымал ақын-жазушылар қазылық еткен мү­шәйрада сегіз жүз мың теңге қар­­жылай бас жүлде Бекзат Сма­дияр­ға, алты жүз мың теңге қар­жы­лай бірін­ші орын Олжас Қасымға, төрт жүз мың теңге қаржылай қоры бар екін­ші жүлдені Ерлан Жүніс және Таби­ғат Абаилдаев қанжы­ға­ларына сал­са, үш жүз мың теңгелік қаржы қо­ры бар үшінші орынды Аскер­хан Ақтай, Жоламан Айткен олжалады.

Әбіш Кекілбаев атындағы ар­найы сыйлық Бауыржан Халиол­ла­ға, Фариза Оңғарсынова атын­да­ғы сыйлық Ұлмекен Шауке­нова­ға та­б­ыс етілді. Арнайы сыйлықтың жүл­­­десі – 300 мың теңге.

Кемеңгер тұлғаның 80 жыл­ды­ғына арналған шара Х.Досмұхаме­дов атындағы Атырау мемлекеттік уни­верситетінде «Әбіш оқула­ры – 2019» облыстық көркемсөз оқу бай­қауына жалғасты. Байқауға өңір­дегі колледж, жоғары оқу орын­д­ары студенттері қатысты. «Қа­ра сөзге қызмет», «Ғапыл дү­ние» және «Жыр шашу» атты үш бө­лім­ді қамтыған байқауда бас жүл­дені Х.Досмұхаме­дов атындағы мем­лекеттік универ­си­теттің сту­ден­ті Серікқали Гүлрау­шан алды. Жал­пы, осы оқу орда­сы­ның сту­дент­тері белсенділікпен қатысып, жүлделі орындарды алды. Олардан қалыспай өнер көрсеткен Қ.Дүт­баева атындағы Атырау гума­ни­тар­лық колледж студенттері жүл­де­лі орын­дарға ие болды.

Атыраудағы Ғабдол Сланов атын­­дағы облыстық әмбебап кітап­ха­насында Әбіш Кекілбаевтың ту­ға­нына 80 жыл толуына орай, «Па­ра­сат биігіндегі тұлға» атты 20 том­­­дық шы­ғармалар жинағының тұ­­сау­кесері өтті. Тағылымды шара­ға ке­меңгер жазу­шының жұбайы Кла­ра Жұма­баева мен зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер қа­тыс­ты. «Ме­реке» баспасынан шық­қан көп­том­дық шығармалар жи­нағы тура­лы сөз ал­ған зиялы қауым «Әбіш Кекіл­баев – жазушылық өне­рін­де проза мен поэзияны қатар алып, көшбас­шы болып танылған тұлға. Жазу­шының шығармаларын қайта­лап оқу арқылы оқыр­ман жаңа көзқарас қалыптас­ты­рып, сол арқылы ой­шыл­дық бағытты ны­са­наға алып кемел­дене түседі. Әбіш Кекілбаев мұралары бүгінгі және келешек буыннан зерделеу мен на­сихатты талап ететін мұралар» де­ген пайым­дарын айтты. «Парасат биігіндегі тұлға» кітабында тек қана жазушы­ның көркем туын­ды­лары мен аудар­ма­лары топтасты­рыл­­ған. Бұл жи­нақ­тың өзге жинақ­тар­дан айырма­шы­лығы да содан. Бұл көп­томдық жинақтар облыс, қала, ау­дандар мен ауыл­дардың кітапха­наларының тө­рі­­нен орын алып, оқырманын қуан­татын болады.

«Кітап – ғасырларға сапар шек­кен ақыл ескерткіші» деген ағыл­шын жазушысы Давенанттың сө­зі­мен түйіндесек, Әбіш Кекілбаев шы­ғармалары кемел ойға жетелей­тін құнды дүние екені сөзсіз.

Замана заңғары, сөз зергері Әбіш Кекілбаевқа арналған тағы­лы­мы мол шара «Кемел ойдың ке­­мең­гері» атты салтанатты кешке ұлас­­ты. Алдымен жазушының ғұ­мыры туралы бейнефильм көрер­мен назарына ұсынылып, соңы Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының көркемдік сахналық қойылымына жалғасты. Заманының ерен тұлғасы болған жазушының әкесімен әңгімелесуі, өз шығармаларына арқау болған кейіпкерлерімен сырласуы, сырлас досы Фариза ақынмен жүздесуі секіл­ді ғажап фрагменттерді көрген кө­­рерменнің жан толқынысын олар­­дың жанарларынан көрген біз де тебіреніп, кеудемізді кемеңгер жа­зушының ортамызда болмаған өкі­ніші қарып тұрды.

Халықты кемеңгер жазушымен кө­рістірген екі күнді еш ұмытпастай етіп жадымызға ұлттық кодтай етіп бер­ген театрландырылған қойы­лым­ға ерекше қошемет білдірді.

Кеш барысында Әбіш Кекіл­байұлының замандастары, үзеңгі­лес достары, белгілі қоғам және өнер қай­раткерлері сөз сөйлеп, оның қа­­лам­герлік қасиеті, ақын­дық адуы­ны, азаматтық асқақтығы, қай­рат­кер­­лік қарымы мен елдік ерен­дігі ту­­ралы жиналған жұрт­шы­лыққа баян етті.

Салтанатты жиында сөз алған ай­мақ басшысы Н.Ноғаев: «Әркім­нің өз Әбіші бар. Біреу оны ақын деп бағалайды, біреу оны жазушы деп таниды, енді біріміз үшін ол – абыз. Әбіштің ұлылығы да осы. Біз әлі күнге дейін Әбіш ағамыздың бар­лық қырын танып болған жоқ­пыз. Таныған қырларымыздың өзін әлі де зерттей түсу керек. Бүгінгі ұр­­пақ­тың да, келер ұрпақтың да мін­деті осы деп білем», – деген ай­мақ басшысы замана заңғары Әбіш Кекілбаевтың тұлғалығынан ұрпақ сабақ алып, мұраларын мәңгілік етуге жұмыс істейтінінен үмітті еке­нін айтты.

Кеш соңында Әбіш Кекіл­байұлы­ның жұбайы Клара Қале­кен­қызы сөз алып, ақыным деп ар­дақ­таған, жазушым деп жар сал­ған, қайраткерім деп қасиет тұт­қан, ерім деп еміренген Атырау жұрт­шылы­ғы­на алғысын айтып, осы шараның өтуіне қолдау біл­дір­ген Атырау об­лы­сы әкімі Нұрлан Но­ғаевқа риза­шы­­лығын білдірді.

Руханияттың тал бесігі болған Атырауға еліміздің барлық аймақ­тары мен қалаларынан келген ұлт зиялылары мен жақсы-жайсаң­да­рын жүздестірген кемеңгер Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына ар­налған екікүндік шара Әбіш әле­міне жетелеп әкетті.

 

Атырау облысы