Мектептерде қашықтан оқыту тоқтатыла ма?  

Мектептерде қашықтан оқыту тоқтатыла ма?  

Бұл жайтқа қатысты Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гауһар Омарбек: «Карантиндік шектеулер кезінде мектептердің жұмысына қатысты шешімді тек санитар дәрігерлер қабылдай алады. Онлайн оқу мен қашықтан оқу – екі түрлі формат екенін ескеруді сұраймын. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушылар негізінен қашықтан оқып жатыр. Жаңа оқу жылында министрлік тарапынан мұндай мәселе айтылған жоқ. Әрине, білім саласына жауап беретін министрлік ретінде балалардың тезірек мектеп қабырғаларына оралғанын қалаймыз. Дегенмен, барлығымыз Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарын орындауға міндеттіміз», – деді.