16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні елордада отшашу болмайды

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні елордада отшашу болмайды

Елордада Тәуелсіздік күнінде отшашу болмайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, Тәуелсіздік күніне орай төрт күн қатарынан, яғни 16,17,18 және 19 желтоқсан демалыс болады. 18 желтоқсандағы жұмыс күні 20 желтоқсандағы жексенбіге ауыстырылды. Елорда әкімдігі алдағы мереке күндерінде індеттің таралуына жол бермеу мақсатында тиісті санитарлық талаптарды орындауға шақырады.