Ұшақ жерге қонған кезде ұшқыш қайтыс болды

Ұшақ жерге қонған кезде ұшқыш қайтыс болды

ТАСС-тың хабарлауынша, Ресейде жолаушылар ұшағында екі ұшқыштың бірі қаза болды.

Жолаушылар ұшағы екінші ұшқыштың денсаулығы нашарлаған соң, Дондағы Ростов әуежайына шұғыл қонған.

Ұшақ жерге қонып жатқан кезде екінші ұшқыш қайтыс болды.

Әуежайдың баспасөз қызметінің ресми хабарламасында: «Ұшақ Шереметьеводан ұшып шыққан. Таңғы сағат 10-дар шамасында екінші ұшқыштың жағдайы нашарлай бастаған. Ұшақ шұғыл қонуға рұқсат сұраған. Ұшақ жерге қонып жатқан кезде 1970 жылы туған ұшқыш қайтыс болды» делінген.

Оқыс оқиғаға байланысты тергеу жалғасып жатыр.