Кездесуге спортшы Ардақ Назаров, журналистер Дәулет Мұқаев пен Мақсат Толықбай, «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрағасы Лаззат Чинкисбаевалар қатысты.
ADAL партиясының кандидаттары өңірге сапарының екінші күні Қарасай ауданына барды. Олар Қаскелең қаласының тұрғындарымен көшелерді аралап жүріп әңгімелесті. Қала тұрғындары бірнеше түйінді проблеманы айтып шағымданды. Олар жолдардың нашарлығы мен бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану жайын айтып шағымданды. Тұрғындардың 70% тұрғын үй мәселесін көтерген. Өз кезегінде ADAL партиясынан депутаттыққа кандидат Мақсат Толықбай облыстық бюджеттің қалай бөлінетіндігін түсіндірді.Парламент Мәжілісінің депутаттығына тағы бір кандидат Даулет Мұқаев «Сіздің өңіріңіздің бизнес идеялары» сервисі туралы айтып, ауданда нақты проблемаларды айтты. Атап айтқанда: банкоматтар, ТҚС, қоқыс тасығыш қызметтері және т.б.«Біздің сайтымыздың мәліметі бойынша, Қарасай ауданының бюджеті 1,5 миллиард теңгені құрайды. Бұл бюджеттен 36 % трансферттерге, 26 % жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге, 23 % отын-энергетика кешеніне және жер қойнауын пайдалануға, 5% ауыл шаруашылығына және т.б. жұмсалады», – деді ол.
Өз кезегінде Дәулет Мұқаев тұрғын үйдің қолжетімділігі туралы көпшілікті толғандыратын сауалға жауап берді.ADAL партиясынан депутаттыққа кандидат Лаззат Чинкисбаева көптеген қазақстандық осындай проблемаларға тап болып отырғанын айтты. Сондықтан партия жеке тұлғалар үшін банкроттық институтын енгізуді ұсынады. Партия өкілдері елдің әр тұрғыны шешілмейтін қиындықтарға тап болып, қарызды есептен шығаруға немесе несие бойынша төлем кестесін қайта қарауға құқылы екенін айтты.
Сондай-ақ депутаттыққа кандидаттар Ұзынағаш ауылында халықпен кездесу өткізді. Іс-шара диалог форматында өтті. Кездесу барысында Дәулет Мұқаев кездесу қонақтарына партия сайтының ең пайдалы функцияларын және қандай мүмкіндіктерді пайдалануға болатынын егжей-тегжейлі баяндап берді.