Италияда сахналанған «Трубадур» операсының костюмдерін қазақстандық шеберлер әзірледі

Италияда сахналанған «Трубадур» операсының костюмдерін қазақстандық шеберлер әзірледі

Италияның Генуя қаласындағы Карло Феличе театрында «Трубадур» қойылымы жаңа маусымды ашты. Дәл осы қойылым 1991 жылы 18 қазанда толықтай қалыпқа келтірілген жаңа Карло Феличе театрында да алғашқы маусымды ашып, қонақтар қабылдаған еді. Генуя жұртшылығы үшін «Трубадур» - жанданудың нышаны.

Міне араға 28 жыл салып, танымал Вердиана трилогиясы (Ла Травиата, Риголетто, Трубадур) Қазақстанның ең үздік 50 суретшісінің қатарына енген отандастарымыздың қатысуымен жүзеге асты.

– Біздің басты мақсатымыз әйгілі либреттоның опера рухын, атмосферасын жеткізу болды. Ең алдымен, біз композитор Вердидің өз шығармасында айтқысы келгенін түйсініп, паш еткіміз келді. Қазан айында бізде тағы да Вердидің «Дон Карлос» операсы болды. Бұл жұмыс осылайша «Трубадурға» жалғасты. Сөйтіп, бізде Вердидің опералық күйінен шығуға тіпті уақыт та болмады, – деді сахна дизайнері және костюмдер бойынша суртеші Софья Тасмағамбетова.

София үшін бұл Италиядағы алғашқы қойылым жұмысы. Суретші Генуяда болғанына өте қуанышты екенін жасырмады. Ол дайындық процесінің күрделілігі режиссерге байланысты екенін, қойылымға Вердидің барлық шығармаларымен таныс Марина Бьянки қатысқандықтан жұмыс істеу жеңіл болғанын айтады.

Карло-Феличе театры 

– Театрда арнайы жабдық – айналатын шеңбер бар. Үстінде декорация қойылған, бұл декорация спектакль бойынша айналады. Сахна өзгерісі көрерменнің көз алдында жүзеге асады, бұл дәл осы опера үшін өте маңызды, өйткені кідірту мүмкін емес. Ол үшін жай музыка жоқ. Сол себепті біз дәл осындай тәсілді таңдадық, – деп сахна безендіруші, костюмдер бойынша суртеші Павел Драгунов өз құпиясымен бөлісті.

Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов ұзақ уақыттан бері өздерінің жеке шығармашылық тандемін құрып, декорациядан бастап костюмдерге дейін спектакльдердің толық сахналық дизайнын жасайды. Павел ерлер костюмдерін әзірлесе, София – әйелдердің киімін дайындайды. Шығарманың мазмұнымен танысқаннан кейін сценографтар эскиздер, реквизит, бутафория, костюмдер әзірлеуге кірісіп, әр кейіпкердің сипатына қарай аксессуарларын жеке-жеке тәптіштеп суретін салып, дайындайды.

Генуядағы басты опера театрындағы «Трубадур» қойылымына 2000 адам келіп, көрерменге лық толды. Карло-Феличе театры – Италиядағы ірі опера үйі, ол опера мен балет спектакльдерін де, ауқымды концерттерді де қабылдайды. Ғимараттың алғашқы тасы 1826 жылы наурызда қаланған.