GGG-мен кездесетін поляк боксшысы Камил Шеремета спаррингке бұрыңғы ауыр салмақтағы чемпионды шақыртқанын мәлімдеді.
Шеремета желтоқсан айында өзінің жеке бапкері Федор Ляпкинмен Испанияның Бенидромына аттанып, жаттығуын бастайды. RingPolska-ның хабарлауынша Шереметаның спарринг әріптесі Кшиштоф Влодарчик бұған дейін бірінші ауыр салмақтағы IBF және WBC белдіктерін иемденген.
– Бапкерім Головкиннің оңай шағылатын жаңғақ еместігін есіме жиі салуда. Бұл күнге дейін ондай биік деңгейдегі боксшымен рингте жұдырықтаспағанымды да айтты. Жаттықтырушым оның аяқтарының әбжіл қимылдайтынын, сол қолының соққысының ауыр екенін жеткізді. Сол себепті де жуан жұдырықты Кшиштоф Влодарчикті спаррингке шақырғанын жеткізді. Кшиштофтың соққылары дөп тисе ауыр екенін мен жақсы білемін, сондықтан одан қашатын түрлі айла әрекеттерді тез меңгеруіме тура келеді. Бұл Головкиннің соққыларына төтеп берудің бір жолы, – деді Шеремета.
Головкин мен Шереметаның кездесуі келесі жылдың ақпан не наурыз айларында Чикаго қаласында өтеді деп жоспарлануда. Тікелей трансляцияны DAZN сервисі қамтамасыз етеді.