Атап айтқанда, Орал қаласында ADAL партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар қалалықтармен кездесті.
Саясаттанушы Эльдар Жұмағазиев, сарапшылар Игорь Шацкий мен Алина Асқарова, партия хатшысы Нұрлыбек Мұқановтар халықпен жүздесті. Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде өткен кездесуде партия өкілдері ADAL сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Сонымен қатар Игорь Шацкий әлеуметтік мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ол партияның ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыруды, 7 баласы бар отбасылар үшін тегін тұрғын үй беруді және бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жақтайтынын айтты.ADAL партиясы жетекшілерінің айтуынша, бар проблема тек азаматтардың өздері ғана емес, билік те мүдделі болған жағдайда ғана шешіледі. Алматы облысының тұрғындарын сумен жабдықтау, тұрғын үй алу, сондай-ақ бизнесті қолдау мәселелері толғандырады. Бұл туралы олар Мәжіліске депутаттыққа кандидат Лаззат Чинкисбаевамен кездесу кезінде айтты. Талғар кентінің тұрғыны Ермек Назаров жер мәселесін айтты. «Мен бизнес аша алмадым. Өйткені жер алу өте қиын, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге тиісті қолдау жоқ. Тиімді шарттар бойынша несие алу қиын», – деді ол. «Біз құдықтан су алып жүруден шаршадық. Өмір сүру деңгейіміздің қазіргі жағдайдан әлдеқайда жоғары болғанын қалаймыз», – деді кездесу барысында талғарлықтар.«Өзен экологиясы мәселесі тек БҚО-да ғана емес, ел аумағында бар. Республикадағы барлық судың 44% шетелден келеді. Егер біз халықтың стратегиялық мәселелері туралы айтатын болсақ, онда кей дүниелерде қаталдық таныту қажеттігін ескертер едік. Бұл мәселе Сыртқы істер министрлігі деңгейінде шешілу керек деп санаймыз. Сондықтан олардың жауапкершілігін күшейтуді ұсынамыз. Сонымен қатар, жер асты су көздерінен пайдаланатын уақыт келді. Өйткені, облыста су жетіспейді», – дейді депутаттыққа кандидат Эльдар Жұмағазиев.
Сондай-ақ, спикер азаматтарды бюджет қаражатын басқаруға, оларды аудан проблемаларының өзектілігіне қарай бөлуге ықпал етуге шақырды. Ол үшін тұрғындардың өз өтініші мен шағымын ADAL партиясының сайтына жіберіп, қандай да бір мәселеге дауыс беруі тиіс.«Қазақстан тұрғындары сапалы медициналық көмек алуға лайық. Бұл үшін, ең алдымен, дәрігерлерге жағдай жасау керек. Олардың жалақысын көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету аса маңызды. Мұның бәрі партиямыздың бағдарламасында жазылған. Біз дәрігерлердің орташа жалақысы 200 мың теңгеге жеткені дұрыс деп санаймыз. Кезекте тұрғандар үшін ипотека бойынша бастапқы жарнаға тұрғын үй сертификаттарын көбейту есебінен, ал әлеуметтік тұрмысы нашар отбасылар үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен ипотеканы қолжетімді етуді ұсынамыз», – деді Олжас Ордабаев.
«Біз бағдарламамызды жоғарыдан төменге емес, керісінше тұрғындардың проблемаларына сүйене отырып жасадық. Бұл біз үшін үлкен жұмыс. Біздің міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өмірін жақсарту», – деп атап өтті Олжас Ордабаев.