Ауа райы: Көктайғақ, тұман, қар...

Ауа райы: Көктайғақ, тұман, қар...

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймағында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады.

Кей жерлерде қар жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, шығыста жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, Қарағанды облысында көктайғақ күтіледі. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Актөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.