Халық жаппай коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндетті ме?

Халық жаппай коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндетті ме?

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Көпшілік әлеуметтік желіде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау міндетті болатыны туралы жаңалықты талқылап жатыр. Олар 2020 жылғы 24 қыркүйектегі «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қарсы міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық егілуге жататын топтарын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізу туралы» қаулыға сүйенеді. Шын мәнінде, қаулыда бас тартуға болмайтын мәжбүрлі вакцинация туралы айтылмаған.

– Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі, яғни азаматтар екпе алуға өз еркімен келісім беруі тиіс, – деп түсіндірді министрлік өкілі.

Сондай-ақ 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте бұрынғыдай кез келген азаматтың «Емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе бас тартуға» құқығы бар нормалар сақталған.

16 жастағы және одан асқан азаматтардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек алудан бас тартуға құқы бар.