Шымкент халық санының өсімі жөнінен Алматыны басып озды

Шымкент халық санының өсімі жөнінен Алматыны басып озды

  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Республикалық Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан халқының саны 1 қарашаға қарай 18 млн 833 мың адамға жетіп, жыл басынан бері 0,2 млн адамға немесе 1,08 пайызға артқан.

Халық өсімі бойынша елорда көш бастап тұр, онда – 3,52%, Шымкент (2,67%), Алматы (2,61%), Маңғыстау облысы (2,43%) және Атырау облысы (1,48%). Бұл ретте Шымкент алғаш рет халық санының өсу қарқыны бойынша Алматыны басып озды.

Алматы халқы 1 млн 967 мың адамға, Астана – 1 млн 176 мың адамға, Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 млн 66 мыңға жетті. Сонымен қатар, еліміздің 13 өңірінде көші-қон ағыны жалғасуда. Халықтың көші-қон өсімі бойынша да Шымкент екінші орында. Алғашқы орында Маңғыстау облысы болса, Шымқаладан соң Алматыда және Астанада ғана байқалады.