Қаржы пирамидаларынан зардап шеккендердің шығыны 8 миллиард теңгеден асады

Қаржы пирамидаларынан зардап шеккендердің шығыны 8 миллиард теңгеден асады

Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 8 млрд теңгеден аса қаражат салған. Соған қарамастан, оңай пайдаға кенелгісі келетіндер азаяр емес. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің саны 40 мыңнан асып жығылады. Желге ұшқан қаражаттың көлемі 8 млрд 300 миллион теңгеден асқан. Қаржыгерлер қаражат аударғанда сақ болу керек екенін ескертеді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы Дмитрий Акмаев: «Қаржы пирамидасының өкілдері аз уақытта көп ақша береміз деп сенімді түрде айтады. Ешқандай қауіп-қатер туралы сөз болмайды. Олардың ұсынатын пайыздық үстемақылары да тым жоғары. Өзіңнен кейін адам тіркелсе, одан көп ақша аласың деп те уәде береді. Дәл осы белгілерге қарап, сақ болу керек», – дейді.

Алаяқтар қазір тұрғын үй кооперативтерін құру арқылы баспана «алып береміз» жиі алдайды. Анығы, қаржы пирамидалары орташа есеппен 2 немесе 3 ай ғана жұмыс істейді.