Қорғаныс министрлігінде Тәуелсіздік күніне арналған онлайн форматта салтанатты жиналыс өтті.
Қорғаныс министрімен өткен салтанатты жиында әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етілді. Жоғары көрсеткіштері мен үлгілі қызметі үшін Қорғаныс министрінің бұйрығымен 14 офицерге мерзімінен тыс әскери атақ берілді.«Елбасының стратегиялық шеберлігінің, көрегенді де сыңдарлы саясаты мен парасаттылығының арқасында Қазақстан өңірдегі ең тұрақты ел болып қалыптасты. Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен еліміздің қорғаныс қабілеті ұдайы нығаюда», - де Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.
Аталған конкурстың қорытындысы бойынша мамандықтар бойынша 24 үздік әскери қызметшіге естелік мүсіндер, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.