Көлікті тапсырыспен өртеген күдікті ұсталды

Көлікті тапсырыспен өртеген күдікті ұсталды

Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Алматы полициясы көлікті тапсырыспен өртеген адамды анықтады. 1952 жылы туған К. есімді азаматқа тиесілі Subaru көлікті күдіктінің әдейі өртегені анықталды. Оқиға 14 желтоқсанға қараған түні Шагабутдинов көшесінде орналасқан үйдің ауласында болған. Бұл дерек ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды. Қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Күдікті 1983 жылы туған азамат Ш. қамауға алынды. Ол «жұмысы» үшін 100 мың теңге беремін деп уәде еткен өзінің танысы, 1959 жылы туған М. деген азаматтың тапсырысын орындағанын мойындады.

Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахмановтың айтуынша, көлікті өртеуге тапсырыс берген адам да ұсталды. Автокөлік иесі екеуінің арасындағы жанжал көлікті өртеуге себеп болған.

  https://youtu.be/sGuG4MLx0j0