Қар жауады

Қар жауады

Бүгін Қазақстанның көп бөлігінде қар жауады.

Еліміздің басым бөлігі көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың тек солтүстік, шығыс және батыс аумақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде аздаған қар жауады. Батыста – жел күшейеді.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Маңғыстау облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке артады. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.