«Бұған дейін айтқанымдай, жақында соның алғашқысы Alatau Creativе Hub-та ашылады. IT-зертхананың аумағы 1,7 мың шаршы метрге жетеді», – деді қала әкімі. Бизнес те инфрақұрылымды құруға атсалыспақ.
«Жаңа бастаған IT кәсіпкерлер, фрилансерлер мен шағын командаларға Open space кеңсесінде орын беріледі», – деді ол. Орынға төленетін баға да қолжетімді. Сағатына, күніне немесе ай сайын төлеуге болады. Бөлмеде 200-ге жуық адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік бар.«Қаланың әр ауданында ашылатын мұндай орындар IT-индустрия инфрақұрылымының тармақталған желісін құруға мүмкіндік береді. Уақыт өте келе бұлар жаңа технологиялық компаниялардың пайда болуына септігін тигізері сөзсіз», – деді Б.Сағынтаев.
Мұндай орталықтар қаланың барлық аудандарында құрылатын болады. Келер жылы Алмалы ауданында жеке инвесторлар коворкинг және Academie One бағдарламалау мектебі мен FIFTY FOUR ('54) бизнес-кеңістігі үшін арнайы үй-жай дайындауда.