Қазақстанның бір өңірі «қызыл», 4 облысы «сары» аймаққа кірді

Қазақстанның бір өңірі «қызыл», 4 облысы «сары» аймаққа кірді

Атырау облысында коронавирус инфекциясының таралуы өршіп, өңір «қызыл» аймаққа өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының дерегіне сәйкес, «қызыл» аймақта қазір тек Атырау облысы кіріп отыр екен. «Сары» аймаққа Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары енді. Еліміздің қалған барлық өңірі «жасыл» аймақта. «Қызыл» аймақта қатаң шектеу шаралары енгізілген. Ал «сары» аймақта қолданыстағы карантин шаралары сақталып, оларды бақылау күшейтіледі. «Жасыл» аймақтағы өңірлер үшін шектеу шаралары жеңілдетілуі мүмкін.