Қазақстандағы кітап нарығының 90 пайызы ресейлік көркем әдебиеттен тұрады.
Шынында да, елдегі кітап нарығы шетелдік өнімге лық толы. Оның 65-90 пайызы ресейлік басылымға тиесілі. 10 пайыздан 35 пайызға жетер-жетпесі ғана қазақстандық басылымдар. Онда да көркем шығарманың 90 пайызы ресейлік өнім екен.
ISBN агенттігінің анықтауынша, елімізде 1813 баспа тіркелген. Кітап палатасына былтырғы жылдың өзіне тек 687 көркем әдебиет пен 2 246 оқулық түскен.
Бір қызығы, осы жылдың наурыз айында Picodi.com атты халықаралық компания әр елдің қаншалықты кітап оқитынын анықтауға сауалнама жасаған.
Нәтижесінде, Қазақстан халқының 21 пайызы кітап оқымайтыны анықталған.
https://youtu.be/qrzjbRAcKu8