Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 желтоқсан күні шамамен 23.15-те Еңбекші ауданындағы Полиция басқармасына әйел адамға көмек қажет екені туралы хабар түскен. [caption id="attachment_96380" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] "Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы 1950 жылы туған әйелді белгісіз біреу үйдің кіреберісінде зорламақ болғанын анықтады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының, 3-бөлігі - 120-бабының, 1-бөлігі ("Зорлау әрекеті") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қабылданған шаралармен күдіктінің жеке басы анықталды. Ол - Шымкент қаласының тұрғыны, бірнеше рет сотталған", - деп хабарлады полиция өкілдері. Күдіктіні ұстауға қатысты барлық қажет жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция оқиға "Қазақтелеком" АҚ көмегімен үйдің кіреберісіне орнатылған камераға түсіп қалғанын айтты.