ҰҚК қызметкерлері екі "кибержиһадшыны" ұстады (видео)

ҰҚК қызметкерлері екі "кибержиһадшыны" ұстады (видео)

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің екі "кибержиһадшыны" қалай ұстағанын көрсетті. Видео ҰҚК ресми сайтында жарияланған.

Ведомствоның хабарлауынша, 6-12 желтоқсан аралығында ҰҚК ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020" оқу-жаттығуын өткізген. Ол "Қазақстан киберқалқаны" техникалық жүйелерінің тиімділігін тексеруге, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қоюға әзірлік деңгейін айқындауға бағытталған. "Осылайша, "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020" оқу-жаттығуының нәтижелері бойынша еліміздің цифрлық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қатысты ақпараттық және кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл бойынша өңір ауқымында бірегей тәжірибе алынды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелер анықталды", - деді ҰҚК-ның баспасөз қызметі. Мемлекеттік органдардың инфрақұрылымына және АКИАМО-ға кибершабуылдарды тергеп-тексеру шеңберінде жедел штаб жасақталып, тиісті топтар құрылған. Олар шартты бұзушыларды іздестіруге және киберқылмыстардың дәлелдеме базасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізген. [embed]https://youtu.be/gyh43MnFcxg[/embed] Нәтижесінде, ҰҚК заңға қайшы іс-әрекеттерді анықтап, екі "кибержиһадшыны" ұстаған. "БАҚ-та материалдар мен оқу бейнефильмін дайындау үшін ұстау, тінту, заттай дәлелдемелерді жинау және шартты бұзушылардан жауап алу барысы фото, бейне-тіркеумен көрсетілді", - дейді ведомство.