Eurosport.ru басылымы «Астананың» Еуропа лигасы матчінде «Манчестер Юнайтедті» ұтуы туралы жазды, – деп хабарлайды vesti.kz.
L тобындағы бесінші тур ойыны 2:1 есебімен аяқталды.
«Қазақстандағы шок: «Астана» бірінші болып доп өткізіп алды, бірақ, ұтып кетті. «Манчестер» шабуылы тым жас, ал қақпашының жасы келген. Сульшер Қазақстанға негізгі құрамды алып бармады, өйткені «Юнайтед» плей-офф кезеңге шығып қойған. «МЮ» бес матчте он ұпай жинады», – деп жазды Eurosport.