АҚШ-тың Сакраменто қаласындағы аудандық сот ер адамды 897 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz NorCal деген атпен танымал 60 жастағы Рой Чарльз Уоллер он бес жылдан астам уақыт бойы Калифорния тұрғындарына зорлық әрекеттер жасап келген. Судьялардың шығарған үкімінде ол ұрлау және зорлау сияқты қылмыстары үшін сотталып, кейін 46 тармақ бойынша кінәлі деп танылды. 1991-2006 жылдар аралығында тоғыз әйелге қатысты қылмыстық іс жасаған. Олардың әрқайсысы ұзақ мерзімді тергеу барысында куәгер болды. Тергеушілердің айтуынша, көп жағдайда Уоллер түнде шабуыл жасаған: үйлерге кіріп, адамдарды байлап, зорлаған. Кейбір жағдайларда қылмыскер әйелдерді банкоматтарға апарып, ақша алуға мәжбүр етіп, жеке заттарын ұрлаған.