Жолдың бір бөлігі жер астына түсіп кетті – видео

Жолдың бір бөлігі жер астына түсіп кетті – видео

Алматы қаласы Алатау ауданында жолдың бір бөлігі жер астына түсіп кетті. Осыған байланысты тұрғындар коммуналдық қызметтердің әрекет етпей отырғанына шағымданды. Tengrinews.kz-тің жазуынша, Шаңырақ шағынауданындағы Ақшағыл көшесінің бойында жол жер астына түскен. Тұрғын осы жайтты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

"Тексеріс барысында сумен жабдықтау желісінде су аққаны анықталды. Төтенше жағдайлар қызметі апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Су ағуы жойылды. Жұмыс барысында жақын маңдағы үйлерге су беру үзіліссіз жүргізілді және үйлерге ешқандай қауіп-қатер болған жоқ", - деді "Алматы су" қызметкерлері.