Жеңіл көлікпен бұқа тасымалдаған жүргізушіні жауапқа тартты

Жеңіл көлікпен бұқа тасымалдаған жүргізушіні жауапқа тартты

Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Полиция куәлігінен айырылған, ішімдік ішкен жүргізушінің жеңіл автокөлікпен бұқа тасымалдағанын анықтады. Таңертең Алматы – Өскемен автожолының 230 шақырымында Көксу ауданы Балпық би кенті маңында полицейлер 31 жастағы тұрғынның көлігін тоқтатқан. «Фольксваген Гольф» көлігінің артқы орындығында  жолаушы ретінде бұқаны «отырғызған».

Көксу АПБ бастығы Рамиль Гимадиев: «Былтыр жүргізушінің үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айрылғаны анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес, СДТБТ-де тіркелді. Күдікті ішімдік ішкеннен кейін көрші ауылда тұратын ағасына бұқа апармақ болған, – дейді.

Автокөлік айып тұрағына қойылды.