2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы, жәрдемақы мөлшері көбейе ме?

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы, жәрдемақы мөлшері көбейе ме?

Бұл туралы «Қазақпарат» жазды.

Зейнетақы, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер, салық пен айыппұлдар мөлшері өзгереді.

2021 жылдың 1 қаңтарынан:

– жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге;

– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге;

– зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге болады.

Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ заңға сәйкес айыппұл санкцияларын, салық және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2917 теңге мөлшерінде белгіленеді. Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге. Зейнетақы мөлшері «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес 7 пайызға өседі.

Еске сала кетейік, биыл 2 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды.