Jas Otan: Елбасының ерен еңбегі – жастарға үлгі (фото)

Jas Otan: Елбасының ерен еңбегі – жастарға үлгі (фото)

Назарбаев университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Н.Назарбаевтың көшбасшылық сабақтары» тақырыбында Jas Otan Саѕеѕ жастар сессиясы өтті.

Жастар сессиясының басты мақсаты – жастардың санасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың Қазақ мемлекеттілігін құрудағы рөлін, оның Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға қосқан жеке үлесін насихаттау.

Іс-шараға жоғары оқу орындарының студенттері, колледж студенттері, жастар бірлестіктерінің өкілдері, Jas Otan Жастар қанатының белсенділері қатысты. Шара барысында әрбір спикер Елбасының Қазақ мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайту және қалыптастыру жолыңдағы қажырлы еңбегі, Елбасының сол салаға қосқан жеке үлесі туралы жастармен әңгімелесті.



Жастар сессияларының спикерлері Jas Otan Жастар қанаты төрағасы Дәулет Кәрібек, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, жас ғалым, докторант Әсия Ермұхамбетова, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, танымал блогер, вайнер Ақсұлтан Қалиев болды.

Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек Елбасының әрбір бастамасы мен инициативасы әр спикердің қалыптасуына және жеке өсуіне ықпал еткенін атап өтті.



– Елбасы қиын қыстау кезеңдерде ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы батыл шешім қабылдағанын бәріміз жақсы білеміз. Әрине, алғашқы кезде бастама үлкен сынға ұшырады. Бірақ уақыт өте келе бұл батыл шешімнің стратегиялық маңызы бар екені дәлелденді. Бүгінде жаңа Қазақстан астанасының феномені бүкіл әлемге танымал. 20 жыл ішінде туристер мен инвесторларды тартатын заманауи мегаполиске айналды. Тұңғыш Президентіміздің тарихи еңбегі кейінгі ұрпақтарға да үлгі болуы тиіс, – деді ол.



Шарада «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев кәсіпкерлік және оның елдегі дамуы жайлы өз пікірімен бөлісті.



– Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы «Жас кәсіпкер», «Жастарды грантпен қолдау» секілді бірнеше игі бастамалар туралы айтты. Осының бәрі Елбасының кәсіпкерлікке, әсіресе жастар кәсіпкерлігіне деген ерекше қамқорлығы мен сенімі, – деді Олжас Темірбекұлы.



Фото: Абылайхан Жұмаш