Алматыдағы курсант өлімі: ІІМ академиясының басшысы қызметінен босатылды

Алматыдағы курсант өлімі: ІІМ академиясының басшысы қызметінен босатылды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, – деп жазады Tengrinews.kz.

Оқу орнына Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты және өзіндік қауіпсіздік департаменттерінің басшылығы мен жауапты қызметкерлерінен құралған арнайы топ жіберілді. Алматыдағы ІІМ академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің қазасына байланысты қалалық Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

«Тексеру қорытындысы бойынша ІІМ-де тәртіптік комиссия өтті. Ішкі істер министрінің бұйрығымен сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылаудың жоқтығы үшін атқарып отырған лауазымынан академия басшысы Өмербай Смайылов босатылды. Сондай-ақ, оның тәрбие-идеологиялық және кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасары қызметінен босатылуға ұсынылды. Бұдан бөлек, академияның тағы 16 жауапты қызметкері қатаң тәртіптік жауапқа тартылды, олардың 5-еуі лауазымынан босатылды» делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы ІІМ академиясында курсанттың өз-өзіне қол жұмсағанын жазған болатынбыз.