Полиция «Алматы біздікі» деп оқ атқан күдіктілерді іздестіріп жатыр

Полиция «Алматы біздікі» деп оқ атқан күдіктілерді іздестіріп жатыр

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктілерді полицейлер іздестіріп жатыр.

Әлеуметтік желіде таралған видеоға қатысты қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасады. Ер адам пәтер терезесінен аспанға оқ атқан. Екіншісінде түнде далаға оқ атқан. Видеороликтерді әлеуметтік желіге бір адам жариялаған. Бостандық аудандық ПБ видеодағы күдіктілердің жеке басын анықтады.

«Олар міндетті түрде жауапқа тартылады. Видеода қандай қару қолданылғанын анықтаймыз», – дейді полицейлер.