Қазақстан Президенті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелдіні қабылдады.
Мемлекет басшысы мен Парламент Сенатының бірінші төрағасы Орталық Азиядағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдар жөнінде пікір алмасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Олар қоғамдық өмірдегі өзекті проблемаларды, соның ішінде өскелең ұрпақтың патриотизм рухында тәрбиеленуіне, халқымыздың тарихына құрметпен қарауына қатысты мәселелерді талқылады.