Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Петропавлда сырғанақ теуіп жүріп ағашқа соғылған әйел бір апта жансақтау бөлімінде жатып, бүгін таңертең қайтыс болды. Сырғанақта жарақат алған 37 жастағы әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген еді. Жансақтау бөлімінде бір апта есін жимай жатты. Бассүйек жарақатын алған әйелге екі рет ота жасалды. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосты. Дәрігерлер дер кезінде шұғыл көмек көрсеткенімен бүгін жарақат алған әйел таңғы сағат 6.59-да қайтыс болды.Еске сала кетейік, бұған дейін сырғанақ теуіп жүріп жарақат алған әйел туралы жазған болатынбыз.