Асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес мектеп бағдарламасына енгізіледі

Асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес мектеп бағдарламасына енгізіледі

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Сенат «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт туралы» заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, ең бірінші астана мектептерінде тәжірибе ретінде оқытылады.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова: «Ең алдымен асық ату, тоғызқұмалақ және қазақша күрес енгізіледі. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында қазақша күресті орта мектептерінде пилоттық жоба ретінде енгізу қарастырылып отыр», – деді.

Жалпы ұлттық спорттың 20-дан астам түрі бар. Солардың ішінен мектеп бағдарламасына қосуға болатыны іріктеледі.

Ұлттық спорт түрлерін мектеп бағдарламасына енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асады.