Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі сотталды

Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі Күдеровке қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

«Күдеров студенттерге арналған жазғы білім беру стартап-мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен жымқыру күдігіне іліккен еді. Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының үкімімен Күдеров 5 жылға шартты түрде сотталды (ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша)» делінген агенттік таратқан ақпаратта.