Қарағандыда қора өртеніп, 70-ке жуық мал қырылды

Қарағандыда қора өртеніп, 70-ке жуық мал қырылды

Бұл туралы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қородағы 47 ірі қара мен 20 ұсақ мал жанып кетті. Өрт 27 желтоқсан күні сағат 05:39-да Абай ауданы Бородиновка ауылында болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер 65 шақырым қашықта орналасқан ең жақын өрт сөндіру бөлімінен барған.

«Аумағы 140 шаршы метр қора өртенген. Өрт сағат 10:26-да сөндірілді. Өрт салдарынан 47 бас ірі қара мен 20 бас ұсақ мал қырылды», – деді ТЖД өкілі.