Шығыс Қазақстанда аязға байланысты мектепте сабақ болмайды

Шығыс Қазақстанда аязға байланысты мектепте сабақ болмайды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты мектептерде сабақ болмайды.

Атап айтқанда, Өскемен қаласында (-34) 0-4 сыныптар, Бородулиха ауданында (- 34) 0-11 сыныптар, Алтай ауданы (-33) 0-9 сыныптар, Семей қаласында (-31) 0-9 сыныптар, Риддер қаласында (-28) 0-5 сыныптар, Шемонаихада (-34) 0-11 сыныптар, Жарма ауданында (-33) 0-3 сыныптар, Бесқарағай ауданында (-32) 1-11 сыныптар, Курчатовта (-29) 1-4 сыныптар, Катонқарағай ауданында (-33) 1-11 сыныптар, Күршім ауданында (-29) 0-11 сынып оқушылары сабақ оқымайды.