Бір күнде 27 адам пневмонияға шалдыққан

Бір күнде 27 адам пневмонияға шалдыққан

Сoronavirus2020.kz сайты 28 желтоқсанда тіркелген коронавирус белгісі бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады.

Өткен тәулікте 27 адамның пневмонияға шалдыққаны анықталды. 54 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бастап 45 442 адам ауырған. 490 адам қайтыс болған.

Пневмониядан жазылып шыққандардың саны 32 830-ға жетті.