COVID-19: Төрт облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр

COVID-19: Төрт облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, 28 желтоқсандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақтан әлі де Атырау, Қостанай, Ақмола және Павлодар облысы шыққан жоқ.

Сонымен қатар «сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы бар.

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта тұр.