Бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді – министрлік

Бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді – министрлік

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

Оның айтуынша, бір аптада 3031 қылмыс тіркеліп, оның 1977-сі ашылды. Полицейлер кісі өлтіруге қатысты 10, сондай-ақ адам өліміне алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты 6 қылмыстың ізін суытпай ашты.

Қарақшылық бойынша екі және тонауға қатысты 29 қылмысқа, бөтеннің мүлкін ұрлауға байланысты 463 қылмысқа қатысты күдіктілерді анықтады.