Қазақстандық нокаутшы екі белбеуі бар әлем чемпионымен жекпе-жекке шығады

Қазақстандық нокаутшы екі белбеуі бар әлем чемпионымен жекпе-жекке шығады

Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаевты (18-0, 14 КО) чемпиондық жекпе-жекке шығару жоспары туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Vesti.kz. «Батыр бізді тәнтті етті. Біз оған 2020 жылы чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырғымыз келеді. Егер олар сол кезге дейін чемпион болып қалса, рингте кіммен көргілеріңіз келеді: Хосе Рамирес (WBC мен WBO) немесе Джош Тэйлормен (WBA мен IBF)», – делінген ұйымның Facebook желісіндегі хабарламасында. Канаданың Монреаль қаласындағы өткен кейінгі жекпе-жегінде Жүкембаев Montreal Casino аренасында Рикардо Лараны екінші раундта нокаутпен жеңді. 28 жастағы Жүкембаев 18 жекпе-жегінің барлығында жеңді (14 нокаут). Ал Лара осымен оныншы рет жеңілді, сонымен бірге ол 22 кездесуде жеңіске жеткен (10 нокаут).