Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов COVID-19 инфекциясынан туындаған әлемдік пандемияға және іс-шараларды өткізу бойынша енгізілген санитарлық-эпидемиялық талаптарға орай Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жергілікті жерлерде болып, қоғамдық мониторинг жүргізгенін және онлайн-конференция форматына көшкенін айтты.
Кеңес отырысында COVID-19-ға қатысты жағдай, медициналық мекемелердің жұмысы, азық-түлік бағаларына мониторинг, әлеуметтік маңызы бар бағыттар және қалалық автобустардың қызметі, карантин кезінде медицина қызметкерлерін қаржылық қолдау және т.б. мәселелер талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшесі, «Транспаренси Қазақстан» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Марат Шибұтов сәулет және құрылыс мәселелеріне тоқталды. Сонымен бірге әкімдік белгілеген мерзімде ЖЭО-ын газдандыру туралы шешімді қолдайтынын айтты. «Біріншіден, әкімдік пандемия, локдаун кезінде қаланың тыныс-тіршілігін жоғары деңгейде жүргізді. Соның арқасында халық дүрбелеңге түскен жоқ. Екіншіден, соңғы он жылдан бері көтеріліп келе жатқан ЖЭО-ын газдандыру мәселесі шешілді. Үшіншіден, қаланың стратегиялық жоспары қабылданды», – деді ҚР Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтарының басқа да нысандары қауымдастығы» ЗТБ президенті Қазбек Шайх.Әкімнің осы бастамасы бойынша бұдан былай Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу ай сайын өтетін болды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын айқындап берді. Біздің басты міндетіміз – алматылықтардың барлық сұраныстарына жедел әрі тиімді жауап беру. Қала тұрғындарының мүддесі үшін іс-қимыл жасауға тиіспіз. Қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру, жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру үшін бірігіп жұмыс жасауымыз қажет. Қала тұрғындарын ең өзекті мәселелерді талқылауға кеңінен қатыстырған жөн», – деді Б.Сағынтаев.