Қазақстанда каратэден IV әлем чемпионаты өтеді

Қазақстанда каратэден IV әлем чемпионаты өтеді

Чемпионат ұйымдастырушылары – Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы, сондай-ақ 2011 жылы құрылып, Швейцарияда тіркелген Kyokushin World Union халықаралық ассоциациясы.

Естеріңізге салайық, Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы өткен жылы құрылған спорттық ұйым. Оның құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 20 аккредиттелген спорттық федерация енді. Оның басшысы болып Кәрім Мәсімов сайланды.



Ассоциация төрт бағыт бойынша: каратэ, жекпе-жек, толық контактілі спорт түрлері және ММА аралас жекпе-жек бойынша жұмыс істейді.

Киокусиннің негізін салған белгілі шебер – Масутацу Ояма. Ол каратэ Отаны саналатын Жапонияда ғана емес, сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінде де танымал саналады. Киокусин негізіне тек спорттық қана емес, сондай ақ жекпе-жектің қолданбалы аспектілері де жатады.  



Киокусин жауынгерлерінің мықты рухы мен ұтымды техникасы аралас жекпе-жектерде, К-1 сериялы жарыстар мен әлемнің арнайы жасақ қызметтерін даярлау кезінде бірнеше рет дәлелденді. Әлем чемпионаты халықаралық Kyokushin World Union қауымдастығы аясында өткізіледі. Бұл ұйым 2011 жылы құрылып, Швейцарияның Лозанна қаласында тіркелген. KWU ұйымының басты міндеті – барлық киокусин федерациясын бір тудың астына біріктіру.



KWU Әлем Чемпионаты Ояма принциптерін түсінетін, кез-келген халықаралық ұйымның жауынгерін қабылдауға дайын.

2019 жыл барысында әлемнің 60-тан астам мемлекетінде ұлттық іріктеу турнирлері өтті, қорытындысында аталған Әлем Чемпионатына қатысатын ұлттық құрамалар құралады. Аталған Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты деген каратэшілер қатыса алады. Олар өз мемлекеттерін – Жапония, Испания, Польша, Болгария, Бразилия, ОАР, Австралия, Ресей және т.б таныстырады. Қолда бар мәліметке сүйенсек, Әлем Чемпионатына 50-ден астам мемлекеттен 350-ге жуық спортшы келеді деп күтілуде.

Аяулым ӘЛСЕЙІТОВА