Ауылдастары асарлатып үй салып берді

Ауылдастары асарлатып үй салып берді

Ақсу ауылында тұратын Орынбек Шаймағанбетов Жаңа жыл қарсаңында жаңа үйге көшті.

Ол әскерден келген соң үйленіп, жұмыс істеп жүргенде 2002 жылы жол апатына ұшырайды. Содан бері ауыр жұмыс істеуге денсаулығы жарамайды. Тағдыр сынына мойымаған азамат 2014 жылдан бастап тігін тігумен айналысады. 2015 жылы «Ақниет» бағдарламасы бойынша алған қайтарымсыз 485 мың теңгеге жеке кәсібін ашты. Орынбектің жұбайы Жеміскүл де жол апатына түскеннен кейін жұмыссыз қалған. Бұған дейін Ақсу ауылында үй жалдап тұрған отбасы ауылдастарының көмегімен жаңа баспаналы болды. Жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетті.