"Олимп" букмекерлік кеңсесі соттың лицензияны тоқтату туралы шешіміне наразылық білдірмек.
Бұл туралы компания сайтында хабарланды. Онда «29 қараша күні маманданған ауданарлық әкімшілік соттың шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Ақын арада "Олимп" БК соттың лицензияны тоқтату туралы шешіміне наразылық білдіретін болады»,–делінген.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті букмекерлік кеңсенің жұмысын тоқтатқаны туралы хабар тараған болатын.