Ақтөбелік әскерилер мұз қалашығын салды.
Түрлі пішіндегі ертегі кейіпкерлері көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр. Әсіресе, ол жер – балалардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Бұл – 30238 әскери бөлімі офицерлері мен келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілердің тұрғындарға жаңа жылдық тартуы. Олар бұл істі алдағы уақытта да дәстүрге айналдырмақ.– «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығының әскери қызметкерлерінің шешімімен жасалған. Қазір балалардың ойнайтын ойын-сауық кешендерінің істемеуі әрі көп жердің жабық болуына байланысты қардан қалашық жасамақ болдық. Сөйтіп, кішкентайлардың көңіл-күйін көтеріп, қуантқымыз келді, – дейді 30238 әскери бөлімі батальоны командирінің орынбасары Бекжан Кеңес.