Қалған аймақтарда антициклон әсерінен ауа температурасы төмендейді.
Қазгидромет республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ пен боран болады деп хабарлап отыр. Солтүстікте желдің жылдамдығы 30 м/с дейін күшеймек.
Павлодар облысында боран соғып, көктайғақ болады. Желдің екпіні күндіз 15-28 м/с дейін жетсе, түнде 30 м/с асып түседі.
Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында да боран соғып, көктайғақ болмақ. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі деп күтілуде.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында күндіз, Алматы облысында түнде тұман түседі. Қызылорда облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейсе, Ақтөбеде көктайғақ болмақ.