Оралда тағы бір полиция қызметкері рөлге ие бола алмады

Оралда тағы бір полиция қызметкері рөлге ие бола алмады

Жол көлік оқиғасы 7 желтоқсанға қараған түні Жәңгір хан көшесінде болған.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша «7 желтоқсан күні таңғы сағат 5:30 шамасында Орал қаласында "Ауди B4" көлігінің жүргізушісі Жәңгір хан көшесімен оңтүстік бағытта жүріп бара жатып алдындағы  «Шевроле Лацетти» көлігіне соғылған. Рөлде 29 жастағы бойжеткен болыпты. Қақтығыс нәтижесінде «Шевроле Лацетти» көлігінің жүргізушісін ауруханаға жеткізілді.»

Сондай-ақ хатта: ««Ауди В4» көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 613 бабы мен 612 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы протокол толтырылды. Көлік тізгінінде Орал қаласы ПБ полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Рахадилов болды. Қызметкер 30 қарашадан бастап еңбек демалысына шыққаны анықталды», – делінген.

 

   Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345 бабының 2 бөлімі бойынша«Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы»  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Сондай-ақ облыстық ПД қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс бастады.

Жол көлік оқиғасы нәтижесінде 5 адам зардап шегіп, ашық бас сүйек-ми зақымы диагнозымен 29 жастағы бойжеткен облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 19 қараша күні тағы бір полиция қызметкері патрульдік машинасымен жүргіншілер жолағымен кетіп бара жатқан бойжеткенді қағып кеткен болатын. Науқас әлі күнге ауыр халде жатыр.