Әлемдегі ең қарт адам саналатын жапондық Канэ Танака 118-ге толған күнін атап өтті. Ол 1903 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. 2018 жылдан бастап Жер планетасының ең қарт тұрғыны саналады, – деп жазады РИА Новости. Өткен жылдың қараша айында "Маинити" газеті 2021 жылдың мамыр айында Токиода өтетін Олимпиада алауының эстафетасына Жер шарының ең қарт тұрғыны қатысуы керек деп хабарлады. Танака 2020 жылғы эстафетаға қатысуы керек еді. Алайда іс-шара пандемияға байланысты тоқтатылғаны белгілі. Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесінен 8 тамызы аралығында өтуі керек.